Пешков ауданы — Қазақ КСР-нің Қостанай облысында 1939-1959 жылдары болған аудан. Орталығы — Пешковка ауылы.
Тарихы Пешков ауданы 1939 жылы 16 қазанда құрылды. Құрамына Фёдоров ауданының Барыкин, Батманов, Большой, Калинов, Костряков, Назаров, Ново-Украин, Пешков, Смирнов, Тельман, Хворостян ауылдық кеңестері кірді.
1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына 11 ауылдық кеңес кірді: Барыкин, Батманов, Большой, Калинов, Костряков, Назаров, Ново-Украин, Пешков, Смирнов, Тельман, Хворостян.
1954 жылы Назаров, Хворостян ауылдық кеңестері таратылды.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлықтары мен Қазақ КСР Заңдарының жинағы
1959 жылы 12 маусымда Пешков ауданы таратылып, Фёдоров ауданына Барыкин, Батманов, Большой, Калинов, Костряков, Ново-Украин, Пешков, Смирнов және Тельман ауылдық кеңестері берілді.Ведомости Верховного Совета СССР. № 24 (956), 1959 г.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары