Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, энергия үнемдеу, геологиялық зерттеу, тұрғын үй қатынасы, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және басқа да салаларға жауапты министрлік.

Тарихы 1990 жылғы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен таратылған бірнеше министрліктің негізінде Өнеркәсiп министрлiгi құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР

1994 жылғы маусымда Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi және Сауда министрлiгi бірігіп, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi құрылды.

1997 жылғы наурызда Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Баға және монополияға қарсы саясат мемлекеттiк комитетi, Ұлттық статистика агенттiгi, Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi, Авторлық және сабақтас құқықтар мемлекеттiк агенттiгi бірігіп, Экономика және сауда министрлiгi құрылды.Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы Сол жылғы қазанда Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi мен Экономика және сауда министрлiгi қосылып, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі құрылды.Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы

1999 жылғы қазанда таратылған Ғылым және жоғары білім министрлігінің атом энергетикасы мен ғарыштық зерттеулер саласындағы функциялары Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне берілді.

2000 жылғы желтоқсанда Экономика министрлігі Экономика және сауда министрлігі болып өзгертілді. Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің индустрия және сауда саласындағы функциялары Экономика және сауда министрлігіне беріліп, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі құрылды.Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы

2002 жылғы тамызда Экономика және сауда министрлігі Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Индустрия және сауда министрлігі болып екіге бөлінді. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің өнеркәсiптi басқару функциялары мен Сыртқы iстер министрлігінің тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау саласындағы функциялары Индустрия және сауда министрлiгiне берілді.

2010 жылғы наурызда Индустрия және сауда министрлігінің сауда саласындағы функциялары Экономикалық даму және сауда министрлігіне берілді. Ал Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялары Индустрия және сауда министрлігіне беріліп, екі министрліктің негізінде Мұнай және газ министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

2012 жылғы мамырда Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен Үкімет құрамына кірмейтін Атом энергиясы агенттігі бөлініп шықты. 2013 жылғы қаңтарда агенттік таратылып, қайтадан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қосылды.

2014 жылғы тамызда бірнеше министрлік пен агенттіктің негізінде Инвестициялар және даму министрлігі құрылды. Оған: Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр және атом энергетикасы салаларын қоспағандағы функциялары; Байланыс және ақпарат агенттігінің мұрағат ісі мен құжаттама салаларын қоспағандағы функциялары; Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы функциялары; Көлік және коммуникация министрлігінің; Ұлттық ғарыш агенттігінің функциялары берілді.Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы

2016 жылғы мамырда Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берілді. Қазан айында министрліктің ғарыш қызметі саласындағы функциялары жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді.

2018 жылғы желтоқсанда инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру Ұлттық экономика министрлігіне, ал сол саясатты іске асыру Сыртқы істер министрлігіне жүктеліп, Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып өзгертілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

2019 жылғы маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау саласындағы функциялары жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне, мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс тапсырыс саласындағы функциялары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Қазақстанның инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріліп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

2020 жылғы қыркүйекте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы функциялары жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы

2023 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің екіге бөлінуінің нәтижесінде жаңадан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігі құрылды.

Құрылымы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 3 негізгі ведомствосы бар. Олар: Геология комитеті; Өнеркәсіп комитеті; Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.

Қарамағындағы мекемелер «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» АҚ «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ

Міндеттері Министрлік 2023 жылы құрылғанда оған индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, құрылыс индустриясы, энергия үнемдеу, бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу, зергерлік және басқа да бұйымдар, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы функциялар және өзге де функциялар мен өкілеттіктер берілді.

Министрліктің ресми сайтында қызмет бағыты автомобиль жолдары, азаматтық авиация, мемлекеттік қорғаныс тапсыры және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту, индустриялық даму, жер қойнауын пайдалану, "Адалдық алаңы" жобалау кеңсесі, көлік және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы екені көрсетілген.

Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыӨнеркәсіп министрлігі (1990-1994)199pxОлег Сосковец6 ақпан19925 қараша1992белгісізТерещенко299pxАльберт Саламатинқараша1992маусым1994белгісізТерещенкоӨнеркәсіп және сауда министрлігі (1994-1997)199pxВячеслав Костюченкомаусым1994қазан1994белгісізТерещенко299pxГарри Штойк19941996белгісізҚажыгелдин399pxХайролла Оспанов19961997белгісізҚажыгелдинЭнергетика, индустрия және сауда министрлігі (1997-2000)199pxАсығат Жабағинқазан1997сәуір1998белгісізБалғымбаев299pxМұхтар Әблязов21 сәуір199812 қазан1999белгісізБалғымбаев399pxВладимир Школьникқазан199913 желтоқсан2000белгісізТоқаевИндустрия және сауда министрлігі (2002–2010)199pxМәжит Есенбаев28 тамыз200211 маусым2003Нұр ОтанТасмағамбетов299pxӘділбек Жақсыбеков16 маусым20038 желтоқсан2004ПартиясызДаниал Ахметов399pxСауат Мыңбаев14 желтоқсан200419 қаңтар2006белгісізДаниал Ахметов499pxВладимир Школьник19 қаңтар200610 қаңтар2007Нұр ОтанДаниал Ахметов599pxҒалым Оразбақов10 қаңтар200719 ақпан2008Нұр ОтанДаниал АхметовМәсімов I699pxВладимир Школьник19 ақпан200821 мамыр2009Нұр ОтанМәсімов I799pxӘсет Исекешев21 мамыр200912 наурыз2010белгісізМәсімов IИндустрия және жаңа технологиялар министрлігі (2010–2014)199pxӘсет Исекешев12 наурыз20106 тамыз2014белгісізМәсімов IСерік АхметовМәсімов IIИнвестициялар және даму министрлігі (2014–2018)199pxӘсет Исекешев6 тамыз201421 маусым2016белгісізМәсімов IIНұр Отан299pxЖеңіс Қасымбек21 маусым201626 желтоқсан2018Нұр Отан?Мәсімов IIСағынтаевИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (2018–2023)199pxЖеңіс Қасымбек26 желтоқсан201825 ақпан2019Нұр Отан?Сағынтаев299pxРоман Скляр25 ақпан201918 қыркүйек2019Нұр Отан?СағынтаевМамин I399pxБейбіт Атамқұлов18 қыркүйек201911 қаңтар2022Нұр Отан?Мамин IМамин IIСмайылов I499pxҚайырбек Өскенбаев11 қаңтар20224 қаңтар2023белгісізСмайылов I599pxМарат Қарабаев4 қаңтар20234 қыркүйек2023АманатСмайылов IСмайылов IIӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі (2023 бері)199pxҚанат Шарлапаев4 қыркүйек202328 ақпан2025ПартиясызСмайылов IIБектенов299pxЕрсайын Нағаспаев28 ақпан2025—белгісізБектенов

Дереккөздер

Ө Санат:Өнеркәсіп министрліктері Санат:Құрылыс министрліктері Санат:Тұрғын үй құрылысы министрліктері