Ноа Оливьер Смит (; 2000 жыл 26 ақпан туған, Ирвайн, Калифорния, АҚШ), Yeat деген атпен танымал (балама түрде YËAT ретінде стильдендірілген) — американдық рэпер, әнші, композитор және продюсер. Ол 2021 жылдың ортасында өзінің 4L микстейпін және Up 2 Më дебюттік студиялық альбомын шығару арқылы танымал болды. Алғашқы жылдары Yeat 2000 жылы 26 ақпанда Ирвайн, Калифорния қаласында мексикалық әке мен румындық ананың отбасында дүниеге келді. Жасөспірім кезінде ол Портленд, Орегон қаласына көшіп, Лейкридж орта мектебінде оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін Yeat музыкалық мансабын жалғастыру үшін Нью-Йорк қаласына көшіп, ақыры өзі қазір тұрып жатқан Лос Анжелес қаласына қайтып оралды..

Музыкалық стилі Yeat музыкасы Auto-Tune эффектімен әсерленген.. 2021 жылы оның стилі агрессивті бола бастады. Yeat-тың музыкасы Rage ретінде сипатталады, бұл американдық рэпер Playboi Carti Whole Lotta Red альбомынан шабытталған ішкі жанр.. Көптеген адамдар Смиттің вокалдық стилін Playboi Carti, Future және Young Thug-пен салыстырды. Yeat соңғы екеуі оған ең көп шабыт бергендердің бірі екенін айтты және оларға T-Pain-ды қосты..

Yeat-тың әндерінде өзіндік ерекше сөздер қолданылады. Ән мәтінінде көбінесе «twizzy» және «luh geeky» сөздері, сондай-ақ балаларға арналған ойыншықтарын өндіруші Tonka сілтемелері қолданылады.Yeat музыкасының кейбір аспектілері интернет мемдерге айналды, мысалы оның әндерінің аспаптық бөліктерінде қоңырау дыбыстарын жиі қолдануы.

Дискография

Студиялық альбомдар ЖылыАты2021Up 2 Mё20222 Alivё2023AftërLyfe20242093

Микстейптар Wake Up Call (2019) I'm So Me (2020) Alivë (2021) 4L (2021) Мини-альбомьдар Deep Blue Strips (2018) Different Creature (2019) We Us (2020) Hold Ön (2020) Trёndi (2021) Lyfë (2022) Синглдар ЖылыАты2018 «Loot» (Jban$2Turntның қатысуымен)«Rockin It»2019«Big Geek Week»«Number 1» «Money Move» (Nesslyдың қатысуымен) 2020«Flashey» 2021«Cali»«Gёt Busy»2022«Still countin»«Rich Minion»«Talk» 2023«Already Rich» «My Wrist» (Янг Тагпен бірге) «Bigger Then Everything»

Дереккөздер

Санат:АҚШ рэперлері Санат:Мамбл-рэперлер Санат:XXI ғасыр АҚШ рэперлері Санат:Ән авторлары