Қарасу () — Тәңір тауында, Қырғызстанның тау үйінді көлі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған. Теңіз деңгейінен биіктігі 2022 (1998) метр. Ферғана жотасына жатады. Жалалабат облысы, Тоқтағұл ауданында, Тақталық (солтүстік-шығысында) және Кеңкөл (оңтүстік-батысында) жоталарының арасында орналасқан. 2303 метр биіктікте орналасқан Қапқатас көліне қосылады. Көлге Шібе өзені құяды. Көлден Қаракөлде Нарынға құятын Нарынның (Сырдария алабының) сол жақ саласы аттас өзен ағып шығады. Көл Қаракөлден 60 шақырым жерде орналасқан.
Әсем көлдің жағасында құрылысы 1962 жылы басталған Тоқтағұл су электр станциясының құрылысшылары мен операторларына арналған демалыс үйі салынған болатын.
Қарасу мен Қапқатас көлдері жер сілкінісі кезінде үйінділерден пайда болды.
Қарасу көлі балық шаруашылығында маңызды.
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан көлдері Санат:Нарын су алабы