Ұлтай Ділдәбекова (1929, Арыс ауданы Қызыл таң ұжымшары – 1984, Мақтаарал ауданы) – Социалистік Еңбек Ері (27.5. 1948). 1940 – 1959 ж. Мақтаарал кеңшарында жұмысшы, мақта өсірушілер звеносының жетекшісі, 1960 – 1964 ж. төраға орынбасары, 1965 жылдан төраға қызметтерін атқарды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Санат:Социалистік еңбек ерлері