Кеңесбай Үшбаев«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том(2.7.1940 ж.т.,Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Асысаға ауылы) – фармацевтика ғылымының докторы (1983), профессор (1984), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Профилактика медицина академиясының академигі (1995). 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген; 1972 жылы Львов мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген; 1969–72 жылдары аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі; 1980–89 жылдары аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтының оқу ісі жөніндегі проректоры; 1972–80 жылдары аралығында Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Бас дәріхана басқармасы бастығының орынбасары, бастығы; 1989–91 жылдары аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы бөлімшесінің ректоры; 1991–92 жылдары аралығында Шымкент фармацевтика институтының ректоры; 1992–93 жылдары аралығында «Қазфармбиоөнеркәсіп» концернінің президенті болып жұмыс істеді; 1995 жылдан «Фармация» өндірістік бірлестігінің президенті қызметін атқарады. Кеңесбай Үшбаев: «Химико-токсологическое исследование препаратов спазмолитического действия и их метаболизм» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады Негізгі ғылыми еңбектері фармация (сот ісіндегі химия) мәселелеріне арналған Қазақстанда фармация ісін ұйымдастыру мәселелерін зерттеп, бірқатар дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен емдік қасиеттерін анықтады 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 кітаптың авторы 12-сайл. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Дереккөздер:</span>

Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы ректорлары Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:2 шілдеде туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары