Руслан Акун (30 қараша 1984 жыл, Фрунзе) — қырғызстандық кинорежиссёр, сценарист, продюсер. «Сәлем, Нью-Йорк» (2013), «Бағу» (2014) және «Көкпар» (2018) сияқты шығармалары үшін белгілі.

Өмірбаяны Руслан Акун 1984 жылғы 30 қарашада, Фрунзе қаласында туған. Оның киноға деген қызығушылығы бала кезінен өсе бастады. Сегізінші сыныптан бастап ол сценарий жаза бастады және қағазға анимация салып жүрді.

2002 жылы Нарын қаласындағы Мәкен Сыдықов атындағы орта мектепті бітірген. Қырғыз мемлекеттік университетінің Исенәлі Арабаева экономика факультетіне оқуға түсті, бірақ екінші курста оқуын тоқтатты. Кейін Орталық Азиядағы Америка университетінің бұқаралық коммуникация факультетіне оқуға түсті.

2009 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кинематографияны дамыту Қоры ұйымдастырған кинематография курстарына қатысты. Сол жылы ол өзінің алғашқы деректі фильмдерін түсіре бастады.

2011 жылы Руслан «Бішкек, мен сені сүйемін» фильмінде ойнады.

2012 жылы ол АҚШ-та жаңа фильм түсіріп жатқанын хабарлады. Келесі 2013 жылдың басында «Сәлем, Нью-Йорк» романтикалық комедиясы шықты.

2014 жылы Оңтүстік Калифорния университетінің Кино мектебіне оқуға түсті. Осы жылдың соңында Руслан Акунның «Сүйіктімнің батыры» фильмі шықты.

2017 жылғы 9 ақпанда «Анамды іздеп» көркем фильмінің премьерасы өтті.

2018 жылы «Көкпар» фильмі түсірілді.

Жеке өмірі Руслан Акун Қаныкей Акуноваға үйленген, екі баласы бар.

Фильмографиясы Жасалған жылы Атауы Толықметражды фильмдері 2011 Бішкек, мен сені сүйемінБишкек, мен сени сүйөм 2013 Сәлем, Нью-ЙоркСалам, Нью-Йорк 2014 Сүйіктімнің батырыСүйүктүүмдүн каарманы 2017 Анамды іздепАпамды издеп 2018 КөкпарКөк бөрү 2019 Анамды іздеп 2Апамды издеп 2 2020 Сәлем, ЕуропаСалам, Европа 2021 Екі батырЭки баатыр 2024 Пейіш. Жұмақ ананың табанының астындаБейиш. Эненин таманында Қысқаметражды фильмдер 2010 РахметРахмат 2014 БағуHerding Деректі фильмдері 2009 Мен өлгенде де өте әдемімінМен ушундай сулуумун, кантип эле өлүп калам ҚайғырмаКайгырбоо

Дереккөздер