Тахмина Талғатқызы Әшімбекова - 1979 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында туған. ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі, халықаралық ән байқаулары лауреаты.

Өмірбаяны Тұрар Рысқұлов ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің және Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің түлегі. 2000 жылы Тараз мемлекеттік университетінің музыка факультетін бітірді. Жастайынан әнге құмар болған Тахмина Талғатқызы мектеп қабырғасында көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, белсенді мүшесі болды. 1997 жылы Тараз қаласында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. 1998 жылы Алматыда өткен Республикалық «Жас қанат» байқауы лауреаты, 1999 жылы Ақтау қаласында өткен «Жаһан дала» халықаралық ән байқауында 1-жүлдегер атанған. 2001 жылы Мальтада және Эстонияның Вильнюста өткен халықаралық ән байқаулары бас жүлдегері. 2002 жылы «Азия даусы» халықаралық ән байқауында жүлделі 2 орынды иеленді. 2003 жылдан Алматы қаласында «Қазақконцертте» жұмыс істейді. Алматы қаласында тұрады. Мемлекеттік «Гүлдер» ән-би ансамблінде жұмыс атқарады. Ұстазы өнер және мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Әуесбай Бақбергенұлы. Марапаты Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008 ж.); Мәдениет саласының үздігі.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Әншілер