Әбділда Тәжібаев ауылы (2003 жылға дейін — Телікөл) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Телікөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1350 адам (726 ер адам және 624 әйел адам) болса, 2009 жылы 1725 адамды (870 ер адам және 8855 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 2000 жылға дейін "Қызылдиқан" деп аталған. 1975-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері