Баян Ахметқызы Сағындықова (10.11.1955 жыл, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылында дүниеге келген) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2000).
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1977). 1977–80 жылдары Жамбыл облысы дәріхана басқармасында еңбек етті. 1980 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Шымкент филиалына жұмысқа ауысты. 1981–84 жылдары Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық фармация ғылыми зерттеу институтының аспиранты. 1984 жылдан Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында дәрі технологиясы кафедрасында ассистент, меңгеруші.
Еңбектері Сағындықова Мемлекеттік білім стандартына үлес қосқан авторлардың бірі. 80-нен астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Марапаттары «ҚР Денсаулық сақтау ісінің озаты» белгісімен марапатталған."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:10 қарашада туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Түлкібас ауданында туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақстан фармацевтері