Қарақастек, Қарақыстақ – Күрті алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағадыТопографиялық карта 43-033. Ұзындығы 69 км, су жиналатын алабы 295 км2.
Бастауы Бастауын Іле Алатауындағы Қоңыртөбе тауының шығыс етегінен алып, Қарақастек ауылынан төменде Құтырған өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қарақастек ауылына дейінгі арнасы шатқалды, одан төменде сайлы-жыралы жермен өтеді. Көктем айларында суы тасиды, кейде сел жүреді. Өзеннің батысымен Қастек, шығысымен Ұзынағаш өзендері ағып өтеді. Суын егістікке пайдаланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Күрті су алабы