thumb|220px|right|«Демократия стеласы» деп аталатын барельефте Демос (халықтың бейнесі) пен Демократияның тұлғаландыруы бейнеленген: Демократия Демосқа тәж кигізіп тұр. Афинаның Агора мұражайы. Афиналық демократия б.з.д. VI ғасыр шамасында Грекиядағы қала-мемлекет (полис) — Афинада дамыды. Бұл жүйе Афина қаласын және оны қоршаған Аттика аумағын қамтыды және еркіндік, теңдік пен қауіпсіздікті қолдауға негізделді.Alwine, Andrew T. (2016). "Freedom and Patronage in the Athenian Democracy". The Journal of Hellenic Studies. 136: 1–17. ISSN 0075-4269. Афина — ежелгі Грекиядағы демократиялық қала-мемлекеттердің ішіндегі ең танымалы болғанымен, жалғыз немесе ең алғашқысы емес еді; Афинаға дейін де бірнеше басқа полистер демократиялық конституциялар енгізген болатын.Robinson, Eric W. (1997). The First Democracies: Early Popular Government Outside Athens. Historia – Einzelschriften. Stuttgart, Germany: Franz Steiner Verlag. ISBN 978-3515069519.Robinson, Eric W. (2011). Democracy beyond Athens: Popular Government in the Greek Classical Age. Cambridge, England: Cambridge University Press. ISBN 978-0521843317.
Б.з.д. IV ғасырдың соңына қарай, бар болғаны мыңнан астам грек қалаларының жартысына жуығы демократиялық басқару жүйесін қолданған болуы мүмкін.Josiah Ober, The Rise and Fall of Classical Greece (2015) Princeton University Press. Афинада заң шығару мен атқарушы билікке негізделген саяси жүйе болған. Саяси қатысу құқығы тек ересек, еркін ер адамдарға берілген (яғни метектерге, әйелдерге және құлдарға берілмеген). Осындай азаматтар бүкіл ересек халықтың шамамен 30 пайызынан аспаған деп есептеледі.Thorley, John (2005). Athenian Democracy Lancaster Pamphlets in Ancient History. Routledge. p. 74. ISBN 978-1-13-479335-8.
Афиналық демократияның дамуына б.з.д. 594 жылы Солон, б.з.д. 508–507 жылдары Клисфен және б.з.д. 462 жылы Эфиальт маңызды үлес қосты."Ancient Greek civilization – The reforms of Cleisthenes". Encyclopedia Britannica. Клисфен азаматтарды байлығына емес, тұрған жеріне қарай он топқа бөліп, ақсүйектердің шексіз билігін шектеді.
Афиналық демократияның ең ұзақ мерзімді басшысы — Перикл болды. Оның өлімінен кейін, Пелопоннес соғысының соңына қарай, демократия екі рет — б.з.д. 411 және 404 жылдары — қысқа уақытқа олигархиялық төңкерістермен үзіліске ұшырады. Кейінірек Евклид тұсында демократия қалпына келтірілді, бірақ біршама өзгеріске ұшырады. Бүгінгі таңда бізге белгілі демократияның ең егжей-тегжейлі сипаттамалары осы IV ғасырдағы өзгертілген үлгіге қатысты, Перикл дәуіріндегісіне емес.
Б.з.д. 322 жылы македониялықтар демократияны жойды. Кейін Афинаның саяси институттары қайта жанданды, бірақ олардың бастапқы демократиялық үлгіге қаншалықты сәйкес келгені — пікірталас тудыратын мәселе.
Этимологиясы «Демократия» сөзі (грекше: dēmokratia, δημοκρατία) екі құрамдас бөліктен тұрады: dêmos (δῆμος — дәстүрлі түрде «халық» немесе «қала тұрғындары» деп түсіндіріледі) және krátos (κράτος — «күш», «билік» деген мағынада). Сондықтан бұл сөз тура мағынасында «халық билігі» дегенді білдіреді.
«Монархия» және «олигархия» сияқты сөздердегі екінші бөлік — archē (ἀρχή), бұл сөз бастапқыда «бастау», «бірінші нәрсе» дегенді білдірген және сол арқылы «басты орын», «билік», «егемендік» мағынасын алған.
Осы ұқсастық негізінде Афина демократтары енгізген жаңа басқару формасына «демархия» (δημαρχία) ұғымы қолданылар еді деп күтуге болады. Алайда бұл сөз сол кезде-ақ басқа мағынаға ие болған: ол қалалық магистраттың лауазымы немесе мэрлік қызмет ретінде қолданылған (қазіргі заманда «демархия» сөзі жаңа мағынаға ие болған).
Басқару жүйелері алғаш демократиялық деп танылған кезде «демократия» сөзі нақты қолданыста болған-болмағаны белгісіз. Бұл ұғымның алғашқы тұжырымды түрде қолданылуы шамамен б.з.д. 470 жылдарға, Эсхилдің «Жалбарынушылар» трагедиясына (604-жол) тиесілі деп есептеледі. Онда хор былай дейді: dēmou kratousa cheir (δήμου κρατούσα χειρ) — бұл шамамен «халық билік жүргізіп тұрған қол» дегенге саяды. Пьеса контекстінде бұл жол патша кез келген маңызды шешімді (мұнда — Данаос қыздарын Аргосқа қабылдау мәселесі) қабылдамас бұрын, халық жиналысынан рұқсат алуы тиіс екенін білдіреді. Яғни, халық жиналысы арқылы жүзеге асатын билік патшаның шешіміне вето қоя алады.
Бұл сөз одан кейін Геродоттың еңбектерінде де кездеседі (Тарих, 6.43.3) — әрі етістік, әрі зат есім түрінде: dēmokrateomai (δημοκρατέομαι) — «мен демократияға қатысамын» және dēmokratia (δημοκρατία) — «демократия». Бұл ұғым үшін бұған дейін қолданылған сөз — изономия (isonomia), яғни «барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі». Геродот бұл сөзді де талқылауында атап өтеді.Vlastos, Gregory (1953). "Isonomia". American Journal of Philology. 74 (4): 337–366. Шамамен б.з.д. 460 жылдары Демократ (Δημοκράτης) есімді адам белгілі болған,Raaflaub, Kurt A. (2007). "The Breakthrough of Demokratia in Mid-Fifth-Century Athens". In Raaflaub, Kurt A.; Ober, Josiah; Wallace, Robert (eds.). Origins of Democracy in Ancient Greece. Berkeley: University of California Press. p. 112. оның есімі демократиялық сенімді білдіру мақсатында ойлап табылған болуы мүмкін. Бұл есім Эолидалық Темнос қаласында да кездеседі.Ксенофонт, Anabasis 4.4.15.
Тарихы
Қалыптасуы
Ежелгі Грекияда демократиялық басқару жүйесін енгізген жалғыз полис Афина емес еді. Аристотель басқа да қалалардың демократиялық басқару формасын қабылдағанын атап өтеді. Дегенмен, демократиялық институттардың қалыптасуы туралы жалпы тарихи баяндаулар көбінесе Афинаға сүйенеді, өйткені дәл осы қала-мемлекеттің жүйесі толық тарихи жазбалармен жақсы құжатталған. Оның ішінде, бізге дейін жеткен жалғыз толық «конституция» — Аристотель мен оның шәкірттері б.з.д. IV ғасырда жинақтаған «Конституциялар» (Politeiai) жинағының бір бөлігі ретінде сақталған.Clarke, Paul Barry; Foweraker, Joe. Encyclopedia of Democratic Thought Routledge. ISBN 978-1-136-90863-7.
Афинада алғашқы демократиялық басқару жүйесі пайда болғанға дейін, билік архонттар деп аталатын бірқатар лауазым иелерінің"Archon | Ancient Greek Magistrates & Role in Athenian Democracy | Britannica" www.britannica.com. және архонттық қызмет мерзімін аяқтағандардан құралған Ареопаг кеңесінің қолында болған. Бұл мекемелердің мүшелері, әдетте, ақсүйектер қатарынан шығатын.
Б.з.д. 621 жылы Драконт бұрынғы ауызша құқық жүйесінің орнына заңдарды жазбаша түрде енгізіп, оларды тек сот арқылы ғана жүзеге асыру тәртібін орнатты.Thorley, J., Athenian Democracy, Routledge, 2005, p. 10.Farrar, Cynthia (1 December 1988). The Origins of Democratic Thinking: The Invention of Politics in Classical Athens ISBN 978-0-521-37584-9. Кейіннен «Драконт заңдары» деп аталған бұл заңдар өте қатал әрі шектеуші болған, сондықтан олардың көпшілігі кейіннен күшін жойды. Соған қарамастан, жазбаша заңдар кодексі — өз заманы үшін жаңалық болып саналып, Афиналық демократияның ең алғашқы қадамдарының бірі ретінде бағаланады."Draconian laws | Definition & Facts". Encyclopedia Britannica.
Б.з.д. 594 жылы Солон бас архонт болып тағайындалып, Афина қоғамындағы теңсіздікке байланысты туындап келе жатқан қайшылықтарды жеңілдету мақсатында экономикалық және конституциялық реформалар жасай бастады. Оның реформалары азаматтықты жаңаша анықтап берді: Аттикадағы әрбір еркін тұрғын саяси қызмет атқаруға мүмкіндік алды — яғни, Афина азаматтары халық жиналыстарына қатысу құқығына ие болды.
Солонның мақсаты — үкіметке тек ақсүйектер ғана емес, мүлікке ие басқа да азаматтық топтарды да қатыстыру арқылы ақсүйек отбасылардың ықпалын әлсірету еді. Ол қоғамды төрт мүліктік топқа бөлді:
Пентакосиомедимндер — ең байлар (жылдық табысы кем дегенде 500 медимн) Гиппейлер — атпен әскерге шығатындар (300–500 медимн) Зеугиттер — орташа жер иелері (200–300 медимн) Феттер — ең кедей еркін азаматтар (200 медимннен аз табысы бар)Thorley, John (2004). Athenian democracy (2nd ed.). London & New York: Routledge. ISBN 0-203-62256-1.
Бұл жүйе саяси құқықтар мен міндеттерді азаматтардың байлығына қарай бөлуді енгізді және Афинадағы кейінгі демократиялық құрылымның негізін қалады. Солон бұрын тек ақсүйектерге тән болған саяси рөлдерді жері бар әрбір еркін азаматқа беру арқылы қала-мемлекеттің әлеуметтік құрылымын түбегейлі өзгертті.
Оның реформалары аясында күнделікті басқару істерін жүргізіп, саяси күн тәртібін айқындайтын орган ретінде буле (400 адамнан тұратын кеңес; әрбір төрт филаның 100 өкілі) құрылды. Бұған дейін осы рөлді атқарған Ареопаг кеңесі сақталып қалды, бірақ енді оның міндеті «заңдарды қорғау» қызметімен шектелді.Британника энциклопедиясы, Areopagus. Солон демократияға қосқан тағы бір маңызды үлесі — Экклесия немесе Халық жиналысын құруы болды. Бұл жиналысқа барлық ер азаматтардың қатысуына мүмкіндік берілді. Бұл ретте халық жиналыстарында талқыланған мәселелер ауқымы өте кең болды. Және де, ареопаг халық билік органдары тарапынан енгізілген жаңалықтар мемлекеттің негізін шайқалтпауын қадағалайтын саяси жүйенің консервативті, тежеуші элементі ретінде сақталса да, азаматтардың және әлеуметтік топтардың әлдеқайда көбірек саны полис өміріне ықпал ете бастады.
Солон сондай-ақ елеулі экономикалық реформалар жасады: барлық бұрынғы қарыздарды жойды, қарызға байланысты құлдыққа түскендерді босатты, адамның өзін кепілге қою арқылы қарыз алу тәжірибесіне тыйым салды. Бұл өзгерістер Афина қоғамындағы қарыздық құлдық пен экономикалық теңсіздікті қайта құрылымдау үшін жасалған болатын.Британника энциклопедиясы, Solon’s laws
Осылайша, саяси жүйені демократияландыру жолында айқын қадам жасалды. Дегенмен, жаңа тәртіптер бірден орныққан жоқ және әлі де болса екіге бөлінген афиналық қоғамды қанағаттандырмады. Халық демократияны одан әрі күшейтуді талап етті, ал бұрынғы тәртіптерді жақтаушылар өз құқықтарының бұзылғанын сезінді. Осындай бірліктің болмауын б.з.д. 561 жылы енді ғана қалыптаса бастаған афиналық демократия тиран Писистрат тарапынан ең радикалды кедей демостың қолдауымен құлатылды. Солон енгізген кейбір қағидалар сақталып қалды, алайда барлық маңызды лауазымдар жоғарғы билеушімен туыстық негіз бойынша тағайындалды.В. В. Латышев. Очерк греческих древностей. — Алетейя, 1997. — Т. 1.Плутарх. Сравнительные жизнеописания в двух томах. — 2. — Наука, 1994. — Т. 1. Алайда оның ұлы Гиппий б.з.д. 510 жылы қуылғаннан кейін демократия қайта қалпына келтірілді. Б.з.д. 508 және 507 жылдары Клисфен реформалар жүргізіп, ақсүйек әулеттердің үстемдігін әлсіретті және әрбір афиналық азаматты қаланың басқаруымен тікелей байланыстырып қойды.
Клисфен Аттикадағы барлық еркін тұрғындарды Афина азаматтары ретінде ресми түрде мойындады, бұл оларға саяси құқық пен азаматтық бірлік сезімін берді.Farrar, Cynthia (1 December 1988). The Origins of Democratic Thinking: The Invention of Politics in Classical Athens ISBN 978-0-521-37584-9. Ол бұл мақсатқа жету үшін дәстүрлі рулық (фила) бөліністердің саяси рөлін жойып, олардың орнына он жаңа фила құрды. Әрбір жаңа фила шамамен үш триттиядан (географиялық аудан) құралды, ал әр триттия бірнеше демнен (кіші әкімшілік бірлік) тұрды. 18 жастан асқан әрбір ер азамат өзі тіркелген демге ресми түрде жазылуға міндетті болды. Бұл жүйе азаматтардың саяси өмірге қатысуын қамтамасыз ететін маңызды негізге айналды.Thorley, John (20 June 2005). Athenian Democracy Routledge. ISBN 978-1-134-79335-8.
Үшінші реформалар жиынтығы б.з.д. 462/1 жылы Эфиальттің бастамасымен жүзеге асырылды. Эфиальттің қарсыластары сол кезде спарталықтарға көмек көрсету мақсатында қаладан тыс жерде жүргенде, ол Экклесияны (халық жиналысын) Ареопаг кеңесінің өкілеттігін шектеуге көндірді. Осы реформаның нәтижесінде Ареопагтың билігі тек кісі өлтіру және қасиетті заттарға қол сұғу (қасиеттілікке қол сұғушылық) істерін қарайтын қылмыстық сот ретіндегі қызметімен шектелді.Thorley, J., Athenian Democracy, Routledge, 2005, pp. 55–56 Сол уақытта немесе көп ұзамай, Ареопаг кеңесінің құрамына мүлік цензі төмен азаматтар да қабылданатын болды — бұл бұрын тек жоғары мүлік санатына жататын азаматтарға тән болған артықшылықты жойып, кеңес құрамын демократияландыруға бағытталған маңызды қадам еді.