Қайнар Күшек сұлтан мүрдеханасы — Ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің солтүстік-шығыс бетінде орналасқан. Тарихшы, археолог Н.Б.Немцеваның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасында 1958 жылы жүргізген қазба жұмыстарының есебінде жер асты құрылысы жайлы айта келіп оның үстінде бір кездері кесенесі де болуы мүмкін деген болжам жасайды. Тарихта талай соғыста ерлігімен аты шыққан Қайнар Күшек сұлтан Тәуекел ханның Бұхараны қоршаған әскерінің алғы шебін басқарады. Осы соғыста (1598 ж.) Тәуекел хан ауыр жарақат алып Ташкентте қайтыс болады, ал Қайнар Күшек сұлтан шайқаста қаза табады. Қайнар Күшек сұлтан да әкесі Ондан сұлтан секілді Түркістанға жерленген. Әкесі Ондан сұлтанның Үлкен Ақсарай мен Кіші Ақсарай ортасындағы дәлізде жерленгенін де осы ғалым жазып кеткен. Бұл құрылыстың орналасуының өзі-ақ (Қазақ халқының игі-жақсылары жерленген Үлкен Ақсарайдың сыртқы қабырғасынан 5 м жерде) оның халқымыздың ең бір қадірлі де батыр ұлдарының бірі екендігін көрсетеді. Оның бас сүйегіндегі айбалтаның үшкір жағымен ұрған соққыдан түскен диаметрі 3 см тесік марқұмның өз ажалынан өлмегенін, соғыста, шайқаста қаза тапқанын көрсетеді.«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 75 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2
Кесенесі болмаған, оның орнына төртқұлақ сағанасы болған, уақыт өте келе ол жойылып кеткенімен жер астындағы лахат-мүрдеханасы сақталған. Бұл құрылысты 1954-1958 жж. архитектор Н.Усманходжаев пен археолог Н.Б.Немцева аршып зерттеген, 1997 ж. Түркістан археологиялық экспедициясының (Е.Ә.Смағұлов) археологы М.Қ.Тұяқбаев толық аршып қайта зерттеп шыққан. 2020 жылы «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің тапсырысымен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының мамандары қайта аршып, тұмшалау жұмыстарын жүргізді. Алдын-ала Республикалық тізімге енгізілген.https://azretsultan.kz/ajnar-k-shek-s-ltan-m-rdehanasy-hvi/
Дереккөздер