Теректісай, Теректі – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданының аумағымен ағып өтеді.

Бастауы Кіндіктас тауының батыс беткейінен басталып, Далақайнар ауылының солтүстік-шығысында 2,8 км жерде тартылып қалады.

Гидрологиясы Ұзындығы 56 км. Су жиналатын алабының аумағы 651 км2. Аңғарының ені 500 – 800 м. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Наурыз – сәуірде су деңгейі көтеріліп, кейде тасиды. Орташа жылдық су ағымы 0,17 м3/сек. Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы