Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева — философия ғылымының докторы (2009), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1976 жылы 12 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1998) және аспирантурасын (2002) бітірген. Осы университетте стажер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор. 2011 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – ортағасырлық араб-мұсылман философиясы, дін мен ғылым сабақтастығы, философия мен діни дүниетаным дискурсы, дінтанудың өзекті мәселелері. "Әл–Ғазали – Ибн Рушдтың философиялық дискурсы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 110-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының авторы.
Марапаттары Жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (2010); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. "Ерен еңбегі үшін" медалі (2022); Қазақ ұлттық университетіне сіңірген еңбегі үшін күміс медалі (2022); "Болашақ – 500 ғалым" халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2024).
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Дінтану және мәдениеттану кафедрасы. Әл-Ғазали - Ибн Рушд: дүниетаным және философия.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар