Дост хан (1558 жылы өлтірілген) — 1557–1558 жылдары Хорезм мемлекетінде билік еткен Шайбанилер әулетінен шыққан тоғызыншы өзбек билеушісі.
Билікке келуі thumb|Хиуа қақпасы Дост хан немесе Дост Мұхаммед хан — Буджуга ханның ұлы және өзбек ханы Жәдігер ханның ұрпағы. Ол билікке 1557 жылы Ағатай хан қайтыс болғаннан кейін келді. Ханның резиденциясы Үргеніш қаласы болды.Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб., 1877
Қайтыс болуы Дост ханның билік құрған кезеңі тақ үшін талас-тартыспен ерекшеленді. Осы күрестің нәтижесінде ол 1558 жылы өлтірілді.Султанов Т.И. Чингиз-хан и чингизиды. Москва: АСТ., 2006, с.189. Хорезмдегі билікке Қажы Мұхаммед хан келді.
Әдебиет Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. Под редакцией И.М. Муминова. Ташкент, 1976
Дереккөздер
Санат:Хорезм билеушілері Санат:XVI ғасырда туғандар Санат:Шайбани әулеті Санат:Хиуада таққа отырғандар