Арабшах әулеті (, ; ) немесе шибани-жәдігерліктер — Хорезмде және солтүстік Хорасанда билік жүргізген Шыңғыс хан ұрпақтарының өзбек әулеті. Олар Жошының үшінші ұлы — Шибаннан тарайды.

thumb|Хиуа ханы. Патшалық лауазымдар жинағындағы (1672) портрет

Шығу тегі ​Арабшах әулетінің атауы Болаттың ұлы Арабшахтың есімімен байланысты. Арабшахтар өз шежіресін Мөңке Темірдің ұлы Болаттан таратады. Мөңке Темір — Бадақұлдың ұлы, Бадақұл — Жошы Бұқаның ұлы, Жошы Бұқа — Баһадүрдің ұлы, ал Баһадүр — Шибанның ұлы. Сондай-ақ тарихи әдебиеттерде 1468—1469 жылдары Әбілқайыр хандығында билік құрған Арабшахтың шөбересі Жәдігер ханның есіміне байланысты «жәдігерліктер» деген атау қолданылады.

Тарихы ​Арабшах әулеті Хиуа хандығында 1515 (1511) жылдан 1770 жылға дейін билік жүргізді. Арабшахтар билік еткен кезеңде қоңырат көсемдері инақ лауазымын атқарды.

Арабшах әулетінен шыққан Әбілғазы хан (1603–1664) ескі өзбек тілінде жазылған екі тарихи шығарманың авторы ретінде танымал: «Түрікмен шежіресі» (1661 жылы аяқталған) және «Түрік шежіресі» (1852 жылы Қазанда, 1871 жылы Петерборда басылып шыққан); бұл еңбек ағылшын, неміс, түрік, француз және орыс тілдеріне аударылған. Әбілғазының шығармалары ғылыми сипатымен, түсініктілігімен және сөздік қорының байлығымен ерекшеленеді. Әбілғазы Баһадүр хан (1645–1663) өз ордасында көне жәдігерлер коллекциясын жинап, оны көрсету үшін арнайы бөлме бөлген. Халық арасында бұл жер «Ажойибхона» — «Ғажайыптар бөлмесі» (Кунсткамера) деп аталған.Что хранилось в «Комнате чудес» хивинских ханов?‌‌ | Проект «Культурное наследие Узбекистана в собраниях мира»

Ануша хан немесе Әбіл-Мұзаффар Мұхаммед Ануша хан (1663–1686) — Әбілғазы ханның ұлы әрі мұрагері, әкесінің хан билігін нығайту саясатын жалғастырушы. Бұхара хандығына бірнеше рет жорық жасап, 1685 жылы Самарқанды уақытша басып алды, бірақ көп ұзамай оны тастап шығуға мәжбүр болды. 1669 және 1675 жылдары Ресеймен сауда-дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге тырысты; 1668 жылы патша Алексей Михайловичке хат жолдады. Ануша ханның билігі кезінде Хиуада бірқатар ғимараттар, соның ішінде Ануша хан есімімен белгілі медресе мен монша салынды, сондай-ақ Шахабад және Ярмыш атты екі үлкен канал қазылды. Сарай маңындағылардың қастандығы нәтижесінде Ануша хан биліктен тайдырылып, көзі соқыр етілді.

Белгілі хан-тарихшы Әбілғазының (1643–1663) және оның ұлы әрі мұрагері Ануша ханның билік еткен кезеңдері салыстырмалы түрде саяси тұрақтылық пен экономикалық даму уақыты болды. Кең ауқымды ирригациялық жұмыстар жүргізіліп, жаңа суармалы жерлер біртіндеп отырықшылыққа көше бастаған өзбек тайпаларының арасында бөліске салынды. Хорезм өзінің экономикалық ресурстарының тапшылығына байланысты Бұхарамен және Сефевидтермен соғыс жүргізді, ал мемлекет құрамындағы түрікмендер Хорасанға шапқыншылық жасап тұрды.

Ерең хан (1689–1694) — Ануша ханның ұлы. Ол өзінің ағасы Құдайдат хан қайтыс болғаннан кейін хан билігін нығайту саясатын жалғастырды. Билікке Құдайқұл инақтың көмегімен келді. Оның жақын досы ақын әрі сәулетші Мәулана Уафа болған. Ерең ханның бұйрығымен Хиуа цитаделінде көрінісхана (қабылдау бөлмесі) салынды. Оның билігі тұсында ханның жақын адамы, өзбек-қият руынан шыққан Мұхаммед Ризабек Хиуада медресе тұрғызды. Ол бар болғаны екі жыл билік құрып, 1694 жылы аттан құлап, кездейсоқ жағдайда қаза тапты. Билікке Қажы Мұхаммед ханның ұрпағы Жошы сұлтан келді.

Шерғазы хан (1714—1728) — Жәдігер хан қайтыс болғаннан кейін Хорезм тағына отырды. Ол Сұлтан Ғазы ханның ұрпағы, яғни Елбарыс ханның үлкен ұлынан тарайды. Шерғазы хан Бұхарада дүниеге келген,Firdaws al-iqbal. History of Khorezm by Shir Muhammad Mirab Munis and Muhammad Riza Mirab Aghahi. Translated from Chaghatay and annotated by Yuri Bregel. Brill, 1999,р.55 оның ата-бабалары Хорезмдегі саяси аласапырандарға байланысты сол жаққа қоныс аударған болуы мүмкін. Шерғазы хан Бұхарадағы медресені бітірген, өте білімді адам болған. Ол өз әулетінің басқа өкілдерінен қабілетімен ерекшеленді, сондықтан оны Әмір Темір секілді «сахибқыран» деп атаған. Оның билік еткен кезеңі жаулап алу жорықтарымен өтті, ол Мешхед пен Мервті басып алды. 1717 жылы Бекович-Черкасский бастаған ресейлік миссияның Хиуаға жасаған жорығы ресейлік жасақтың толық жеңілісімен аяқталды. Шерғазы ханның бұйрығымен Хиуада медресе салынды. 1728 жылы Шерғазы хан құлдардың қолынан қаза тауып, таққа II Елбарыс хан отырды. Шерғазы ханның тарихын оның шежірешісі әрі тарихшысы Сайид Мұхаммед Ахунд «Гүлшан-и иқбал» шығармасында баяндаған.Firdaws al-iqbal. History of Khorezm by Shir Muhammad Mirab Munis and Muhammad Riza Mirab Aghahi. Translated from Chaghatay and annotated by Yuri Bregel. Brill, 1999,р. 61

1740 жылы II Елбарыс хан Орта Азияға бірнеше әскери жорық жасаған Нәдір шахтың әскеріне қарсы соғысты. Ол Питняк түбіндегі шайқаста жеңіліске ұшырады. 1740 жылдың күзінде Хорезмнің басқа да 20 ықпалды ақсүйектерімен бірге өлтірілді. Нәдір шах Хорезм тағына Бұхара аштарханидтерінің өкілі — Тахир ханды отырғызды.Šir-Moḥammad Mirāb Munes and Moḥammad-Reżā Mirāb Āgahi, Ferdaws al-eqbāl, ed., tr., and annotated by Yuri Bregel as Firdaws al-iqbal: History of Khorezm, 2 vols., Leiden, 1999.p.66

XVII–XVIII ғасырларда Хиуа хандығындағы негізгі саяси күшті өзбек тайпалары құрады: қоңыраттар, наймандар, қияттар, маңғыттар, нүкіздер, қаңлылар және қыпшақтар. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы билік үшін күресте өзбектің қоңырат тайпасы жеңіске жетті.

1763 жылы Хиуа хандығында билікке инақ лауазымы бар өзбектің қоңырат руының өкілі — Мұхаммед Әмин келді. Ол XVIII ғасырдың ортасындағы ауыр дағдарыстан кейін ел экономикасын қалпына келтіру саясатын жүргізді. Оның билігі кезінде Хорезмде ауқымды ирригациялық жұмыстар атқарылды. Қатаң ішкі саясат жүргізе отырып, ол бастапқыда үлкен қиындықтар мен сәтсіздіктерге тап болғанымен, біртіндеп мемлекетте салыстырмалы түрде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық орната алды. Тарихшы Ағаһидің деректері бойынша, Мұхаммед Әмин мемлекет аумағына қарақалпақтардың үлкен тобының қоныстануына рұқсат берген.Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времён до наших дней. Ташкент. 1957, с.212

Өзбек-қоңырат Мұхаммед Әмин (1770–1790) мен оның ұлы Аваз (1790–1803) қолшоқпар арабшах хандары арқылы билік жүргізді, ал Аваздың ұлы Елтүзер өзін хан деп жариялап, жеке дара билік құра бастады.

Арабшах әулеті билеушілерінің тізімі Елбарыс хан Сұлтан Қажы хан Хасанқұл хан Суфиян хан Буджуга хан Аванеш хан Қал хан Ағатай хан Дост хан Қажы Мұхаммед хан Араб Мұхаммед хан Хабаш сұлтан Елбарыс сұлтан Исфандияр хан Әбілғазы хан Ануша хан Құдайдат хан Ерең хан Жошы хан Уәли хан Шахнияз хан Шахбахт хан Сайид Әли хан Мұса хан Жәдігер хан Шерғазы хан II Елбарыс хан II Әбілғазы хан Темір Ғазы хан III Әбілғазы хан

Дереккөздер

Санат:Хиуа хандығы Санат:Орта ғасырлардағы Азия әулеттері Санат:Түркі әулеттері