Татьяна Васильевна Шевякова — филология ғылымының докторы (2003), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 24 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1986, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1989) бітірген. 1993-2003 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2003 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық коммуникация кафедрасының профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – диахроникалық русистка, медиалингвистика мәселелері. "Фразеология русского языка XVIII века (именные фразеосочетания)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.

Марапттары ҚР Білім және ғылым минстрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2006).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. Шевякова Татьяна Васильевна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар