нобай|Ғимараттың 1824 жылдағы көрінісі Гринвич патшалық обсерваториясы — Ұлыбританияның басты астрономиялық мекемесі.
1675 жылы Лондон қаласының шетіндегі Гринвич округында, теңізде жүзушілерге қажетті уақытты анықтау және жұлдыз, Күн, Ай координаталарын есептеп табу үшін құрылған.
Осы обсерваторияның пассаждық аспабы арқылы өтетін меридиан 1884 жылы халықаралық келісім бойынша географиялық бойлық пен белдеулік уақытты есептеудің бастапқы меридианы ретінде қабылданған. Гринвичте орналасқандықтан ол Гринвич меридианы деп аталатын болды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 3-том
1893 жылы обсерваторияда 28-дюймдік рефрактор телескобы орнатылды. Ол бүгінгі күнге шейін Ұлыбританиядағы ең үлкен рефрактор болып келеді.
Қаланың ішінде орналасуы бақылау ісіне кедергілер келтіргендіктен, 1950-ші жылдары обсерватория Хёрстмонсо қамалына көшірілген (бұрынғы жерден оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырымда). 1998 жылы ол қайтадан Гринвичке ауысады және негізімен мұражайлық қызметті атқара бастайды. нобай|Нөлдік меридианды белгілейтін лазер сәулесі 1997 жылы обсерватория Гринвичтегі сәулеттік кешен құрамында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді.Maritime Greenwich ЮНЕСКО сайтында
Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер
Санат:Ұлыбританияның астрономиялық обсерваториялары Санат:Лондонның ғылыми мекемелері Санат:Лондон көрікті орындары Санат:Лондон мұражайлары