КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссариаты () — КСРО-дағы мемлекеттік салалық басқарманың орталық органы.

1925 жылы 18 қарашада КСРО сыртқы сауда халық комиссариатын КСРО ішкі сауда халық комиссариатымен біріктіру арқылы құрылды.

1925 жылдың 18 қарашасынан 1926 жылдың 16 қаңтарына дейін Цюрупа Александр Дмитриевич КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссары қызметін атқарды. 1926 жылдың 16 қаңтарынан бастап Лев Каменев КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссары лауазымында еңбек етті; 14 тамызда оның орнына Анастас Микоян келді.

Халық комиссарлардың орынбасарлары: Красин Леонид Борисович (1925-1926) және Шейнман Арон Львович (1925-1926).

1930 жылы 22 қарашада сыртқы және ішкі сауда халық комиссариаты қайта құрылды: одан КСРО сыртқы сауда халық комиссариаты және КСРО қамсыздандыру халық комиссариаты бөлініп шықты.

Санат:КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комиссариаты Санат:КСРО халық комиссариаттары