Мұратбек Мүфтиұлы Кенемолдин (8 тамыз 1958, Би Боранбай ауылы, Ақсуат ауданы, бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысы) – алаштанушы қаламгер, тарихшы. 1980-1985 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және құқық мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1993 ж.).

Еңбек өтілі

1985-1990 жылдары бұрынғы Семей облысы Шар аудандық «Достық туы» («Знамя дружбы») газеттерінде аудармашы, аға әдеби қызметкер, әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісі;

1991-2000 жылдары облыстық «Семей таңы» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, бас редактор орынбасары;

2000-2003 жылдары – «Демократия» тәуелсіз қоғамдық-саяси газетінің атқарушы редакторы, «Ирбис» ТРК ЗАО» аймақтық тілшісі;

2003-2006 жылдары – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті жанындағы «Шәкәрімтану» ҒЗО директорының орынбасары;

2006-2017 жылдары республикалық «Абай» журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшыcы;

2017-2018 жылдары Абай атындағы мемлекеттік қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері.

Шығармашылығы

«Шәкәрім айтқан Қазақ оқығандары» кітабы / Зерттеулер, мақалалар. – Астана: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Алашорда» қоғамдық қоры, 2021; «Семей – Алаштың жүрегі» кітабы / Алаш қаласы. Алашорда. Алаш арыстары / Зерттеулер, мақалалар. 1-басылым, 252-бет. – Семей: «Zhardem» республикалық баспа компаниясы, 2024; «Семей – Алаштың жүрегі» кітабы / Зерттеулер, мақалалар. «Абай жолы» кітапханасы» жобасы бойынша екінші толық басылым, 312-бет. – Астана: «Фолиант» баспасы» ЖШС, 2025. Бұдан басқа «Өнегелі өмір асулары» (2008), «Аңшы Жекен» (2012), «Барлаушы Байғабыл» (2019) деректі кітаптары жарық көрген. Алаш қозғалысы тақырыбына жарияланған «Шәкәрім өмірінің белгісіз беттерінен» (Шәкәрімтану мәселелері атты 6 томдық ғылыми мақалалар жинағының 1-ші томы, Новосибирск, 2006), «Алаш қаласы болған» («Абай» журналы 2014, №5), «Тінібай қажы» және «Шоқан өмірінің жұмбақтары» (Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық ғылыми-көпшілік «Mangi EL» журналы 2016 жыл 1 ақпан, №1 (15) және 9 қазан, №5 (19), «Жәрдем» баспаханасы («Абай» журналы 2009, №3), Биахмет Сәрсенов, Турағұл Абайұлы, Ахметжан Қозыбағаров («Алаштың Ақ жолы» республикалық байқауының ғылыми-зерттеу материалдары жинағы, 2013 жыл 13 желтоқсан), «Алғашқы қазақ оқығандары» («Абай» журналы 2011, №4, облыстық «Дидар» газеті 2017, №110 (17505) және №113 (17508), «Әлихан Бөкейхан және Сібір басылымдары», «Әуезов және «Таң» журналы» («Абай» журналы 2016, №1 және «Таң» журналы 2017, №1 (5), («Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы, Астана, 2016), «Ғалия» медресесінің семейлік шәкірттері» («Абай» журналы 2007, №3 және «Егемен Қазақстан» газеті 2022 жыл, 4 қазан) тәрізді жалпы саны елуге жуық тарихи-танымдық материалдардың авторы.

Зерттеу еңбектері мен өмірбаяны «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығына (2014 ж.) енген .

Марапаттары

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (1993); Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2017); «Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық шығармашылық байқауының лауреаты, төсбелгісінің иегері («Ақ жол» демократиялық партиясы. Астана, 2013 жыл 13 желтоқсан); Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минстрлігі мен «Ақ жол» демократиялық партиясы Алғыс хаттары, республикалық және облыстық деңгейдегі журналистік сыйлықтармен марапатталған.

Дереккөздер