Жолбарыстың Қазақстанға тарихи оралуы — Қазақстан табиғатына жолбарысты қайта жерсіндіруге (реинтродукциялауға) бағытталған ұлттық бағдарлама.
Тарихы Кезінде Тұран жолбарысы Іле, Сырдария, Әмудария өзендерінің аңғарлары мен Балқаштың тоғайлы алқаптарын мекендеген. Алайда табиғи мекендердің жойылуы, қорек қорының азаюы және аумақтардың шаруашылық мақсатта игерілуі салдарынан Қазақстандағы соңғы жолбарыстар ХХ ғасырдың ортасында жойылып кетті.
Қалпына келтіру бағдарламасы Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізі:
Жолбарыстарды қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасы; Қазақстанның Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) ынтымақтастығы; Ресейдің «Амур жолбарысы» орталығымен бірлескен жұмысы; Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың ғылыми ынтымақтастығы.
Тұран жолбарысына генетикалық тұрғыдан ең жақын түрі ретінде амур жолбарысы таңдалды.
Дайындық жұмыстары Жолбарыстарды қабылдау үшін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында ауқымды дайындық жүргізілді:
Тоғайлы ормандар қалпына келтірілді; Қорек қорын арттыру мақсатында Бұқар бұғылары мен құландар табиғатқа жіберілді; Аумақты мемлекеттік қорғау күшейтіліп, заманауи бақылау инфрақұрылымы құрылды.
«Іле-Балқаш» резерваты — Орталық Азияда жолбарысты табиғатқа қайтаруға арнайы дайындалған алғашқы аумақ болып табылады.
Іске асырылуы 2024 жылы Нидерландтан алғашқы амур жолбарыстары — Богдана мен Кума жеткізіліп, резерваттың арнайы вольерлік кешенінде бейімделуден өтті.
2026 жылғы 31 шілдеде, Халықаралық жолбарыс күніне орай, Қазақстанда жолбарыстың жойылғанына 70 жылдан астам уақыт өткенде, Үміт атты ұрғашы амур жолбарысы «Іле-Балқаш» резерватында табиғатқа жіберілді.
Дереккөздер
AYALA - AŊȘYLAR men BALYQȘYLARDYŃ ŪLTTYQ PALATASY Instagram парақшасы.
Санат:Қазақстан экологиясы Санат:Іле-Балқаш резерваты Санат:Жолбарыстар