Star Wars Jedi: Fallen Order — америкалық Respawn Entertainment компаниясы 2019 жылы шығарған ғылыми фантастикалық видео ойыны.
Ойыншыға Ситхтер кегі эпизодындағы оқиғалардан бес жыл кейінгі сюжет ұсынылады. Басты кейіпкер — джедай падаваны Кэл Кестис (Камерон Монахэн дыбыстауында). Ол одақтастарымен бірге империялық инквизиторларға қарсы тұрып, жаңа джейдай орденін қалыптастыруға үміттенеді. Түрлі планеталарға саяхаттап, ол локацияларды зерттеуі және жаулармен шайқасуы керек, сондай-ақ логикалық ойжұмбақтарды шешуін қажет ететін кезеңдер көптеп кездеседі.
Ойын негізімен жағымды бағалар алды. Мысалы, Metacritic аггрегаторы оған 81% берсе, IGN порталы 9/10 деп бағалайды.
2020 жылы бұл ойынның саундтрегі ASCAP сыйлығын жеңіп алды.
Жалғасы 2023 жылдың сәуірінде Star Wars Jedi: Survivor атты жалғасы шыққан.
Дереккөздер
Санат:Жұлдызды соғыстар бойынша видео ойындар Санат:Windows-ке арналған ойындар Санат:PlayStation 5-ке арналған ойындар Санат:PlayStation 4-ке арналған ойындар Санат:Xbox Series X/S-ке арналған ойындар Санат:Respawn Entertainment ойындары