нобай|Байтенов Мәжит Садыкұлы Мәжит Садықұлы Байтенов (1949 жыл) — қазақстандық кескіндемеші, график, акварельші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Суретшілер одағы мүшесі (1976).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Петропавл қаласында дүниеге келген.

1969 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1994 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1976 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.

1974 жылдан бастап облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысып келеді. Олардың қатарында суретшінің 60 жылдығына арналған «Уақыт қозғалыс ретінде» атты жеке көрмесі бар (Қазіргі заман өнері мұражайы, Астана, 2009).

Астана қаласында тұрады. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сәулет кафедрасында доцент болып жұмыс істейді.

Пейзаждар, портреттер, тақырыптық картиналардың авторы.

Марапаттары

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Суретші туындылары Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер