Григишкес () — Литваның Вильнюс уезіндегі қала, Григишкес староствосының әкімшілік орталығы. 2026 жылғы жағдай бойынша, Григишкес қаласының халқы 11 128 адамды құрады. Григишкес — Литвадағы 103 қаланың бірі және халық саны жағынан елде 32-орында тұр.

Географиялық орналасуы Григишкес Литва астанасы Вильнюстен 17 шақырым қашықтықта, Вилия (Нярис) өзенінің сол жағалауында, оның саласы — Воке өзені құятын тұста орналасқан. Қаланы Панеряй теміржол стансасымен ұзындығы 6 шақырым болатын теміржол тармағы байланыстырады. Григишкес арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Клайпеда–Каунас–Вильнюс тас жолы өтеді.

Тарихы Бұл аймақ 1923 жылы, Григорий (Гжегогас) Курецас Воке өзенінің бойында қағаз фабрикасын салған кезден бастап Григишкес деп атала бастады. 1930 жылы фабрикаға арналып электр станспсы салынды, оған Воке өзенінің суы 800 метрлік бетон арна (акведук) арқылы жеткізілді. 1948 жылдан бастап фабрика маңында жұмысшылар кенті қалыптаса бастады.

1958 жылы 15 мамырда Григишкес қала үлгісіндегі кент мәртебесін алды. Литва тілінде оқытатын алғашқы мектеп сыныптары ашылды. 1968 жылы кітапхана құрылды. 1996 жылы 10 желтоқсанда Президент жарлығымен Григишкестің елтаңбасы бекітілді. 2000 жылғы 19 наурыздан бастап (ресми түрде 1999 жылғы 21 желтоқсаннан бастап) Григишкес өзінің старостволығымен (әкімшілік бірлігімен) бірге Вильнюс қалалық муниципалитетінің құрамына енгізілді.

Экономикасы және инфрақұрылымы Жергілікті экономиканың негізі — 1823 жылы құрылған «Grigiškės» компаниясының қағаз фабрикасы. Компания қораптар, гофр картон, санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдері мен қатты талшықты тақталар (ДВП) өндіруге маманданған.

Қалада инфрақұрылым жақсы дамыған: екі орта мектеп, үш балабақша, бір бастауыш мектеп және өнер мектебі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда «Vilniaus AMSTAFF», «Vilniaus TEC» және Grigiškės-тің «Jazzhotel» атты үш футбол клубы бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Литва қалалары