Керегетас – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі тау. Ақжал кентінен батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.
Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 20 км-ге созылған, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 888 м. Беткейлері тегістеу келген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік беткейінде қорымтастың мол үйіндісі бар. Өзендер мен жылғаларға (Ащыөзек) және бұлақтарға (Ноғайқазған, Мұқтар, Тастықұдық, т.б.) бай.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлігінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шала дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Жазғы жайылымдық пен мал қыстатуға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары