Әбибулла Назарұлы Төреходжаев (1934 жыл, Қызылорда қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1989), профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі. Хронология 1957 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1962 жылы КСРО ғылым академиясы Механика проблемалары институтының аспирантурасын бітірген. 1959–1979 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі 1982–1984 жылдары КСРО ғылым академиясының Жер физикасы институтында докторант болды. 1984 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1934 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Нью-Йорк ғылым академиясының академиктері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары