«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Осы орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

«Алтын Қыран» орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері атанады.

Сипаттамасы Орденнің инсигниясы орден тізбегіндегі белгі мен жұлдыздан тұрады.

Орденнің белгісі түп жағында ою-өрнек элементімен аяқталатын алтын жиегі бар көк эмальмен қапталған, ұштары дөңгеленген, кесілген бес бұрышты жұлдыз түріндегі алтыннан жасалған. Жұлдыз сәулелерінің арасында желпуіш тәрізді штралдар бар, олардың орталық бөлігінде төрт гауһар бекітілген. Белгінің ортасында ақ алтын дәндерімен жиектелген шеңберде көк эмаль аясында алтын қыран бейнеленген. Төменде қызыл эмаль лентаның аясындағы шеңберде алтын әріптермен «АЛТЫН ҚЫРАН» деген жазу бар. Қыранның үстінде геометриялық өрнек аясында шеңбер бойымен үш лағыл тас бекітілген.

Орден белгісі Қазақстан Мемлекеттік Туының элементі – стильдендірілген қыран мен күн бейнеленген салпыншақ арқылы қос орденді церийге құлақшамен бекітіліп, Қазақстанның Елтаңбасы бейнеленген он жеті ауыспалы буыны бар қос алқамен жалғанады.

Салпыншақтың сол және оң жағында, буынның артқы жағында алқаны киімге тағуға арналған қалқалы бекітпесі бар ине орналасқан.

Орден жұлдызы үлкен және жұлдыз сәулелерін жабатын эмаль мен штралдағы гауһар тастарды қоспағанда, белгіні көзкөрім түрде қайталайды. Жұлдыздың сәулелері қырлы болып келеді.

Орден белгіленген кезде инсигния жұлдыз бен орден тізбегін қамтымады, ал орден белгісі бекіткіш пластинаның көмегімен созылып, ортасында қызыл жолағы бар Мемлекеттік Тудың түсіндегі жібек қатқыл таспасы болған фигуралық тағанға бекітілді. 1999 жылғы орден реформасының нәтижесінде марапат өзінің заманауи түрін иеленді.

Күнделікті кию үшін орден түсінің таспасынан ілінген шағын орден жұлдызы түріндегі орденнің миниатюрасы бар.

Марапатталғандар Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде:

МарапатталғаныЖылҚосымшаЛауазымы1997Бірінші Ресей президентіБірінші Өзбекстан президенті1999Екінші Украина президентіҚытай Жоғарғы басшысы2000Ұлыбритания патшайымы2003Жетінші Германия Федералдық канцлері2004Екінші Ресей президенті2008Төртінші Мысыр президентіЖапония императоры2009БАӘ президентіФинляндия президентіКорея Республикасының президентіФранция президенті2012Түркия президентіТүркия премьер-министрі2013Испания королі2022Түрікменстан президентіСауд Арабиясы короліӘзербайжан президентіҚытай Жоғарғы басшысыКатар әмірі2023Тәжікстан президенті2024Өзбекстан президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх 2026 Моңғолия президенті

Галерея

Тағы қараңыз Қазақстанның мемлекеттік марапаттары

Дереккөздер

Санат:Жоғары дәрежелік ерекшелік белгілері Санат:Қазақстан ордендері