Рождество — Иса Мәсіхтің туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі. Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында, кейбір елдерде Юлиан күнтізбесі бойынша атап өтіледі. Рождество мейрамын 4 ғасырдың ортасынан бастап христиан шіркеуі Митра сенімін ығыстыру үшін, Митра сеніміндегі жеңілмейтін «Күн-құдай» орнына енгізді. Алғашқылардың бірі болып Рождество мейрамын Рим халқы тойлады. Рождество мейрамы 431 ж. Эфес шіркеуінде ресми заңдастырылып бекітілді. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Дереккөздер
Санат:Христиандық мерекелер