thumb| alt=A.| Арал теңізі.
Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамтамасыз етуді басқару мақсатында мемлекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі. Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.
Негізгі принңиптері Экологиялық саясаттың негізгі принңиптері, міндеттері және шаралары заң¬намалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады. Cаясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар Экологиялық саясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар: нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы; эко¬логиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-экологиялық мәселелердің сипаты; экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер; ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі; өндірістің эко¬номикалық тиімділігі және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі; халықтың әлеуметтік жауабы; халықаралық міндеттемелер.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер
Санат:Экология