Қарлығаш Әңгелбайқызы Әлиханова (6.9.1946 ж.т., Қарағанды облысы) – медицина ғылымның докторы (1997), профессор (1998).
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Еңбек жолдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971), қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1971-2004 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектері "Остеоартроз горнорабочих угольных шахт" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми бағыты: диагностика технологиясының іске асуы, емдеу, АМƏК деңгейінде ішкі ағза ауруларының профилактикасы жəне реабилитациясы. 424 ғылыми жарияланымның, 6 монографияның, 6 өнертабыстың авторы.
Марапаттары ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2005); ҚР Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (2006); 2 медальмен марапатталған.Қазақ энциклопедиясыҚ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері