Рауза Меңдіахметқызы Қонаева (25 мамыр 1934, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1984). Ысты руынан шыққан.

Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1957). Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылым қызметкер, зертхана меңгерушісі (1957–83), 1983 жылдан Молекуларлық биология және биохимия институттында зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер қызметтерін атқарады.

«Гидролитические и окислительные ферменты обмена фенольных соединений растений» тақырыбында доктор диссертация қорғады. Негізгі ғылым еңбектері энзиология мәселелеріне арналған. 1 авторлық куәліктің иегері.“Қазақ Энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:1934 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері