Абылай Хангерейұлы Айдосов (1936 жылы 12 қарашада Ресей Челябі облысы Полтава ауданында туған) — ғалым, мемлекет қайраткері. Тарих ғылымдарының кандидаты (1994). Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері. Қызылорданың құрметті азаматы (2000)."Қазақ Энциклопедиясы"

Толығырақ Абылай Хангерейұлы Айдосов 1936 жылы 12 қарашада Ресей Челябі облысы Полтава ауданы Георгиевка селосында дүниеге келген. Еңбек жолын бастауыш мектептің мұғалімі болып бастады. Қызылорда педогогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) бітірді (1959) 1960 – 71 ж. институт комсомол комитетінің хатшысы Қызылорда облысы комсомол комитетінің нұсқаушысы Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің хатшысы Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды 1971 – 73 ж. Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясында оқыған 1973 – 96 ж. Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, облыс әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарды Халықаралық Қорқыт Ата мұрасын зерттеу орталығын басқарды.Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Қосымша лауазымдар «ХІ ғасыр және Арал» қоғамдық бірлестігінің және "Тұран" түрік әлемі тарихи және мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ғылыми еңбектері 80-нен астам ғылым еңбектері жарық көрген.

Марапаттары КСРОның "Құрмет белгісі" орденімен екі мәрте марапатталған. КСРОның бірнеше медалдарымен құрмет грамоталарымен марапатталған. 2000 жылы - Қызылорданың құрметті азаматы құрметті атағы берілді. ҚР Президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапаты Парасат орденімен марапатталған. ҚР көптеген мерекелік медалдарымен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:12 қарашада туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері