Шкутин Арнольд Эдуардович (1929 жылы туған, Украина, Донецк облысы Енакиев ауданы Мало-Орловка селосы) – медицина ғылымының докторы (1987), профессор (1989). Қазақ мемлекеттік медицина институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Ақмола облысында аудандық сан-эпидемиологиялық ст-ның бас дәрігері (1956–1958), аудандық бас дәрігердің орынбасары (1958–1959), Ақкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері (1959–1960) болған. 1960 жылдан Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:1929 жылы туғандар Санат:Донецк облысында туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Профессорлар