thumb|Маррамбиджи өзені thumb|left|200px|Өзеннің картасы.
Маррамбиджи (Murrumbіdgee) — Австралияның оңт.-шығысындағы өзен. Муррей өзенінің оң саласы. өз. 2172 км, су жиналатын алабы 165 мың км². Австралия альпісінің солт. беткейінен басталып, Австралияның оңт.-шығысындағы жазықтың үстімен ағады. Негізгі саласы — Лаклан өз. Өзен бойында Барринджак бөгені бар және СЭС салынған. Жылдық орташа су ағымы Балраналд қ-ның тұсында 77 м3/с. Жаңбырлы маусым кезінде суы тасып, Уогга-Уогга қ-на дейін кеме жүзе алады, егін суаруға пайдаланылады.
Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша өзендер Санат:Аустралия географиясы