Әбеу Құдышұлы Мартбаев (1901, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Күнес ауданы — 1941, Үрімжі) — Қытайдағы қазақтар арасынан шыққан әскери қайраткер, полиция генерал майоры. Найман тайпасының Қызай руынан шыққан. Өмірбаяны Күнестегі қазақ орта мектебін, Үрімжідегі моңғол-қазақ училищесін (1926) бітірген. Қытай, орыс тілдерін жетік меңгерген. 1927 жылы өлкелік губернатор мекемесіне қызметке қабылданып, 1933 жылы Шыңжаң өлкелік қазақ-қырғыз мәдениет ұйымын құруға белсене араласты. Сол жылы өлкелік қоғам қауіпсіздігін қорғау (полиция) басқармасының орынбасары, өлкелік мәдениет және оқу-ағарту басқармасы бастығының орынбасары болд ы. 1934 жылы қазақ, ұйғыр жастарын Қазақстанға жіберіп, оқыту жұмысына басшылық етті. 1936 жылы Үрімжіде қазақ тілінде газет шығарды. Қазақша мектеп оқулықтарын құрастырды, қазақ театрын құрды. 1939 жылы Шыңжаң губернаторы Шың Шысайдың бұйрығымен қамауға алынып, түрмеде өлтірілді.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Қытай қазақтары