Бадана, бадана көз кіреуке — кіреуке сауыттың кең көз түрі. Қалыңдығы 2 — 4 мм қырланған темірден, шығыршықтарының диаметрін 13 — 16 мм етіп, оларды бір-бірінен өткізе өру әдісімен жасалған. Мұндай кіреукенің берік болғандығы жөнінде ауыз әдебиетінде: “Таямай атса оқ өтпес, Шуақ шықса, күн өтпес. Жағасы алтын, жеңі жез, Бадана көзді ақ сауыт, Бекітіп соққан Ер Дәулет” (“Қобыланды батыр”) деп жырға қосқан. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Сауыттың бұл түрі көшпелілерден орыстарға ауысып, олар мұны түркі тіліндегі өз атауымен “бадана” немесе “байдана” деп атаған. Орыс жылнамаларында қыпшақтар киген Бадана кіреукелер “баданы бусурманские” делінеді. Сақ, сармат, көне түркі дәуірлеріне жататын ескерткіштерді қазу кезінде басқа кіреуке сауыттармен бірге Бадананың қалдықтары да табылған. Бадананың жеңі шынтаққа, етегі тізеге дейін жеткізіліп, әр батырдың тұлғасына сай тоқылатын болған. Етегінің алды-арты жырық, өңірі ашпалы, жағасы тік не жағасыз етіп жасалған. Етек-жеңі бірнеше қатар жез немесе алтын шығыршықтармен өріліп, сәнделген Баданалар да болған. Бадананы берен, көбе, тағы басқа сауыттармен қабаттап не жеке өзін киген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Дереккөздер
Санат:Әдебиет