Құсайынов Айып Қисаұлы - Ақтоғай ауданы, Бөгенбай батыр ауылы – 21.6.2001, Алматы қала) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1994), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі (1975).
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701 Алматы зоотех.-малдәрігерлік институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1960 жылдан өмірінің соңына дейін жауапты партиялық және шаруашылық қызметтер атқарды. «Североказахстанские мериносы и пути их совершенствования» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. Павлодар облысындағы «Бесқарағай» асыл тұқымды қой з-тында қой тұқымын асылдандыру бағытында селекциялық ғыл. жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде қойдың облыстың қытымыр табиғатына бейімделген, жабағы жүнді Солтүстік қазақ мериносы тұқымын шығаруға және асылдандыруға ат салысты.
2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен және медальдармен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданында (Павлодар облысы) туғандар Санат:21 маусымда қайтыс болғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехниктері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері