Алтыруов Тұрмахан (1896 жыл, бұрынғы Жамансыр болысына қарасты Қорқыт өңірі – 1938, Магадан облысы) – қоғам қайраткері.

Қармақшыдағы бастауыш мектепті бітіріп, Қарасақал болыстығында хатшы болған. 1920 – 23 жылы Қазалы уездік атқару комитетінің жауапты қызметкері, 1923 – 28 жылы Қызылорда округтік атқару клмитеті төрағасының орынбасары, 1928 – 31 жылы округтік «Қосшы» одағының төрағасы болып істеді.

1930 жылдардағы Қарақұм көтерілісіне қатысушылармен Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин, С.Сейфуллинмен бірге келіссөз жүргізген. 1931–34 жылы округтік төтенше комиссияда жұмыс істеді.

1936 жылы қудаланып, 1938 жылы Магаданға айдалып, сол жақта қайтыс болды."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Сыыртқы сілтемелер Дайрабай Тынышбек. Сырдың сырлы сыры Текст.- Алматы, 2005.- 496 б Қармақшы ауданының құрылуына атсалысқан Алтыруов Тұрмахан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі біз – ұлы дала ұрпақтарымыз - emirsaba.org

Санат:1896 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Магадан облысында қайтыс болғандар