Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов (1949 жылы т., Астана қ.) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), Әлеуметтік ғылым академиясының академигі.
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да ассистент, доцент (1975–1987) Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының (1987–1994, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Алматы бөлімшесінде доцент, кафедра меңгерушісі Қазақ экономика университетінде Гуманитарлық білім беру орталығының директоры (1994–1995) болды. 1995 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, профессор қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектер «Диалектика Гегела: Бытие и свобода» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Көптеген оқулықтар мен жарияланымдардың авторы."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1949 жылы туғандар Санат:Астанада туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академиктері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері