Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан – экономика ғылымдарының докторы (1997). 1961 жылы 12 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жоламан Қабидолла Досмағанбетұлы (1926-2008). Анасы - Жоламан Зүбәйда Қыбырқызы (1931 ж. т.), зейнеткер. Уақ тайпасынан шыққан.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің философия және экономика факультетін (1983) экономист мамандығы бойынша; ҚазКСР Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. Қысқаша өмірбаяны

1983 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1983–84 Жамбыл технология институтында оқытушы; 1984–91 Қазақстан Ғылым Академиясының Стратегиялық және болжау секторында стажер, аспирант, кіші ғыл. қызметкер; 1991–92 Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институтында ғылыми хатшы; 1992–94 ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтында жауапты координатор, бөлім меңгерушісі; 1994–97 «Повышение конкурентоспособности национальной экономики в переходный период» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстан даму институтының бірінші вице-президенті қызметін атқарды. 1997 жылдан осы институттың президенті. Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан 38 ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясыҚазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1961 жылы туғандар