Евгений Кипониевич Огай (22.4.1946, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті) – техника ғылымдарының докторы (1994).
Оқу жолы Мәскеу мұнай және газ өнеркәсібі институтын бітірген (1969).
Жұмыс жолы Еңбек жолын 1963 жылы «Қаратон» мұнай кәсіпшілігі басқармасында оператор болып бастаған.
Маңғыстау мұнайының өндірістік бөлімінде геолог, аға геолог (1969–1972), Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1972–1994), «Kent Internatiоnal» компаниясында инженер (1995–1996), «Атамекен Петролеум» (1996–2000) және «Needham Group» компаниясында (2000–2003) менеджер болды.
2004 жылдан «ҚазМұнайгаз» АҚ-да атқарушы-директор болып жұмыс істейді.
Ғылыми еңбектер «Развитие методов повышения нефтеотдачи сложнопостроенных месторождений с аномальными нефтями» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 кітаптың («Нефти Мангышлака», 1981; «Перспективы развития газовой промышленности Мангышлака», (1994) авторы. 7 патенттің иегері."Қазақ энциклопедиясы"Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:22 сәуірде туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мұнай және газ өнеркәсібі институты түлектері Санат:Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты қызметкерлері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:ҚазМұнайГаз директорлары