Күлән Омарова(15.4.1944 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) – медицина ғылымының докторы (1986), профессор (1997). Оқу жолы Алматы мемлекеттік медицина институтын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Жұмыс жолы Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында дәрігер, ауданы дәрігер-педиатр (1967–1970), Мәскеу қаласындағы КСРО Медицина ғылымдары академиясының Педиатрия институтында аспирант (1970–1973) Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы орталығында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы (1973–1981), институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1981–1988) болды. Республика балалар онкогематологиясы орталығының директоры (1989) қызметтерін атқарған. Қосқан үлесі Омарова ұсынған баланың қан ауруларын анықтау, емдеу әдістері күнделікті дәрігерлік жұмыста пайдаланылады. Ғылыми еңбектер 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар