Тұрар Оңғарбаев(1936 жылы туған, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылы) – ауылы шаруашылық ғылымының докторы (1996). Оқу жолы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Жұмыс жолы Алматы облысындағы ұжымшарда зоотехник-селекционер, бас зоотехник (1959–1964), Қазақтың мемлекеттік ауылы шаруашылық институтында аспирант (1964 жылдан), ассистент, доцент, т.б. қызметтерді атқарды. Ғылыми еңбектер 1995 жылы «Продуктивные качества и биологические особенности калмыцкой породы и ее помесей в условиях мойынкумов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-қа жуық ғылыми жарияланымның авторы.
"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>
Санат:Тұлғалар