thumb|right|200px|Кіші Алматы өзенінің Алматы қаласы ішіндегі ағысы Кіші Алматы өзені () — Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы қаласы арқылы ағатын өзен. Ұзындығы 125 км, су жиналатын алабы 710 км². Іле Алатауының солтүстік беткейінде көптеген алшақтықтар мен трактаттардан тұратын қырлы кіші алматы шатқалы орналасқан. Шатқал көптеген шыңдарды қамтиды. Сондай-ақ, шатқалда әлемнің барлық алмаларының ұрпақтары болып табылатын жабайы Сиверстің алма ағаштары өседіАлматы облысы туризмінің ресми сайты .
Бастауы Іле Алатауындағы Тұйықсу мұздығынан басталып, Жетіген тау жолы айырылымының солтүстік-батысында 10 км жерде Қаскелең өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары тар, тік жарлы. Басты салалары: Күйгенсай, Сарысай, Қазақ. Жылдық орташа су ағымы Бұтақты сағасынан төмендеу жерде 2,26 м3/с. Қаладағы бау-бақшаны суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Дереккөздер
Санат:Алматы өзендері Санат:Іле су алабы Санат:Қаскелең салалары