Қақ, Үлкен Қақ – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Москворецкое ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 163,7 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 52,2 км2, ұзындығы 9,3 км, енді жері 7,3 км, жағалау бойының ұзындығы 31 км. Түбі тегіс. Жаз айында алабы жайылым ретінде пайдаланылады. 1908, 1912, 1922 және 1941 жылы су деңгейі көтеріліп, ал 1911, 1921, 1938 – 1940 жылы су деңгейінің төмендеуі байқалған. Қыс айларында мұздың қалыңдығы 1 м-ге жетеді, мамыр айының басында мұзы ериді. Тұщылығы 0,3 – 0,4 г/л, жаз айында 0,5 – 0,6 г/л, қыста 1 г/л. Суы жұмсақ, химиялық құрамы жағынан хлор класы натрий тобына жатады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Тимирязев ауданы көлдері