Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. 2006 жылға дейін Қызылту ауылдық округі деп аталған.Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн қайта атау туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Қарақыр, Мырзатөбе, Өнімгер, Өркен, Ынталы, Ырысты ауылдары кіреді. Орталығы – Ынталы ауылы. Ауылдық округ атауы Мақтаарал ауданының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың есімімен аталған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Қарақыр ауылы 843 775 91,9 427 384 89,9 416 391 94 Мырзатөбе ауылы 886 1202 135,7 438 625 142,7 448 577 128,8 Өнімгер ауылы 1208 1188 98,3 600 621 103,5 608 567 93,3 Өркен ауылы 459 521 113,5 239 271 113,4 220 250 113,6 Ынталы ауылы 1944 2046 105,2 978 1032 105,5 966 1014 105 МТФ - 4- - 2 - - 2 - Ырысты ауылы 1005 909 90,4 508 446 87,8 497 463 93,2 Жалпы саны 6345 6645 104,7 3190 3381 106 3155 3264 103,5 Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғыны ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жай көрсетілген.
Дереккөздер
Санат:Мақтаарал ауданы ауылдық округтері