Қандығатай – Бала Қосмұрын жотасының солтүстік-батысындағы таулар.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қызылағаш ауылының солтүстігінде 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1018 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 13 км-ге созылып жатыр, енді жері 4-5 км. Беткейлері көлбеу, сай, өзен аңғарларымен тілімденген жонды қырқалардан тұрады. Беткейлерінен Жарма өзенінің салалары мен Терісайрық өзені бастау алады. Шығыс бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр және бозғылт топырағында бұта аралас селеу, бетеге, жусан, көде өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары