Абд Мұхаммед (1849–1905) — Мысыр ғұламасы, қоғам қайраткері, мысырлық теолог және либералды реформатор. Исламды қоғамның өркениетті даму жағдайларына қарай бейімдеу бағытындағы діни-қоғамдық ағымның негізін салушылардың бірі.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Әл-Азһарда білім жүйесі бойынша реформа жасап, мұсылман тәртібі мен заң, сот жұмыстарында жаңа имандылық ережелерін енгізуді насихаттады. Ол құдай құдіретімен белгіленген жазмыш шеңберінде болса да, адамның ерік бостандығы бар деп таныды. Сонымен бірге, ислам діні негізін сақтай отырып, батыс өркениетінің жетістіктерін игеруді жақтады. Парламенттік демократияны қолдады. Ислам ілімін діни-заңдылық, адамгершілік пен әлеуметтік қағида түрінде қарастырып, оны уақыт ағымына бейімдеуге баса назар аударуға шақырды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Каирде студент болып жүріп, Джамаль әл-Дина әл-Афганидің ықпалына түседі. Саяси радикализмі үшін (1882–1888) оқудан шығарылып жіберіледі. Британияға қарсы топтармен байланысы үшін Мысырдан аласталып, 1884 жылы Парижде әл-Афганимен бірге «әл-Уруа әл-ууска» деген құпия қоғам және сол атпен газет ұйымдастырды. Мысырға қайта оралған соң, білім саласында жауапты қызметтер атқарды, әл-Азһар ун-тетінің әкімш. кеңесін басқарды, дәріс оқыды. Мысырға қайтып келген соң мансап жолын судья болудан бастайды, 1899 мүфти (заңдық кеңес беруші) болады. «Құдайдың бірлігі жөніндегі трактат» атты кітабында ислам дінінің христиандыққа қарағанда ғылым жетістігіне, өркениетке жақындау екендігін атап көрсеткен. Абд Мұхаммед әділдік, береке, дұрыс ойлау талаптарын ұстануға шақыра отырып, мұсылман құқығы мен әкімшілігін либерализациялауға талпынған.Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Әл-Азһарда білім жүйесі бойынша реформа жасап, мұсылман тәртібімен заң, сот жұмыстарында жаңа имандылық ережелерін енгізуді насихаттады. Ол Құдайлық кұдіретімен белгіленген жазмыш шеңберінде болса да, адамның ерік бостандығы бар деп таныды. Сонымен бірге, Ислам негізін сақтай отырып Батыс өркениетінің жетістіктерін игеруді жақтады. Парламенттік демократияны қолдады. Ислам ілімін діни заңдылық, адамгершілік пен элеум. діни қағида түрінде қарастырыл оны уақыт ағымына бейімдеуге, сондай-ақ жаратылыстану ғалымдары тарапынан қорғауға алуға баса назар аударды. Ол Исламды соңғы кездегі «бұрмалаушылықтардан тазартуға», адамзат мүддесі үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «өз» сүннеттері мен Құран негізінде шариғатты қайта қарауға, ижтихадты толық қалпына келтіруге шақырды. Абд Мұхаммед адамның ақыл парасатының шексіз мүмкіндіктерін, дүниені және оның даму заңдылықтарын таныпбілуге болатындығын атап көрсетті.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Ислам философтары Санат:Мысыр қоғам қайраткерлері Санат:1849 жылы туғандар Санат:1905 жылы қайтыс болғандар Санат:Әл-Азһар университеті түлектері Санат:XIX ғасыр философтары