Петр Евлантеевич Куценко (1940 жыл туған) - суретші, мүсінші. Монументті мүсін мен сәндік қолөнер саласында жұмыс істейді. Ол Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Абай атындағы совхоздағы 1968 ж. орнатылған «Абай» ескерткішінің авторы (бетон). Онда ақын қолына кітап ұстаған қалпы, бүкіл тұлғасымен бейнеленген. Ескерткіш мүсіннің дәлдігімен, көлемінің ыңғайлылығымен, айқын портреттік ұқсастығымен ерекшеленеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар